×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңбыр, жел, тұман: 26 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

26.08.2024, 08:31
Жаңбыр, жел, тұман: 26 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзден

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында  кей уақыттарда тұман болады.

“Қазгидромет”  РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 тамызда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жаууы  күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында  кей уақыттарда тұман болады.

Абай, Ұлытау,  Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының  орталығында,  оңтүстік-шығысында, Маңғыстау  облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде,  Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.