×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болуы мүмкін

26.08.2024, 12:23
Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болуы мүмкін
Фото: kolesa.kz

Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында министрдің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Үшарал – Достық ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

​Бұл жобалар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.

​«Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

​Көлік министрлігі қазақстандықтардан осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуды сұрайды.