×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жемқорлықтың ізі бар – Шораев әкімдердің тілшілерге сыйлық таратуы жайлы

22.11.2021, 16:49
Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі медиаменеджер Арман Шораев әкімдіктердің журналистерге сый-сияпат таратып, дастархан жаюын қолдамайтынын, өз-өзін сыйлайтын журналистер мұндай сыйлықтардан бас тартуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, 19 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір сағатқа созылған баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге дастархан жайған болатын. Әкім журналистерді ешкі сүтін де берген. Алайда осы қонақжайлық журналистер ортасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі әкімнің әрекетін қолдаса, екіншісі бюджет қаражаты мұндай бағытта жұмсалмауы керектігін айтады.

Осы жайт жөнінде Арман Шораевтан ойын сұрап көргенбіз. Медиаменеджер әңгімесін мәселенің басқа қырынан бастады.

«Жалпы Орталық коммуникациялар қызметі деген мекеменің өзі болмауы керек. Ол мүлде керек емес. Бұл – бюджеттен бостан босқа шығып жатқан шығын. Өйткені ондай алаңдар жоқ емес бар. Ұлттық Пресс-клуб, Қазақстандық пресс-клуб деген түрлі жекеменшік орталықтар бар. Олар балама түрде бәсекелесе отырып, дамуы тиіс. Сондықтан ешқандай мемлекеттік коммуникациялық алаңның болғаны дұрыс емес, өйткені олар журналистерге шектеу жасайтынын көзіміз көрді. Бұл – цензураның бір түрі. Ол мекемені түбірімен жою керек», - дейді Арман Шораев.

Сарапшы сонымен қатар әкімдік өкілдерінің журналистерге дастархан жаюын, сыйлық таратуын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдауға болатынын айтады.

«Бұл жерде шынымен жемқорлық ізі бар – жоқ емес. Сондықтан өз-өзін сыйлайтын журналистер мұндай сыйлықтардан бас тартуы керек», - деді ол.

Сонымен бірге Арман Шораев Ulysmedia.kz порталы тілшісін сыртынан суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіге жалған ақпаратпен қоса таратқандардың ісін сотқа беру керектігін айтып өтті.

«Әрине, оны сотқа беру керек. ОКҚ камераларын міндетті түрде дәлел түрінде қолдансаңыздар, кімнің шын, кімнің өтірік айтып жатқаны белгілі болады. Сондықтан бұл жерде жала жапқаны үшін әрине, жауапкершілікке тартуға болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары