×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кіріс жоқ, шығыс көп: 2025 жылы бюджетте 10 трлн теңге дефицит

27.08.2024, 10:56
Кіріс жоқ, шығыс көп: 2025 жылы бюджетте 10 трлн теңге дефицит
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров болжам бойынша республикалық бюджет кірісі 2025 жылы 15,6 трлн теңгені немесе 2025 жылы (ЖІӨ-нің 10,4%), 2026 жылы 16,7 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 9,9%) құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байбазаровтың айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжамдар бойынша 2025 жылы 15,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 10,4%, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 9,9%, 2027 жылы – 18,2 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 9,6% құрайды.

– Республикалық бюджеттің параметрлерінде кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің мөлшері ескерілген. Осыны ескере отырып, республикалық бюджет шығындары 2025 жылы 25,8 трлн теңге көлемінде болжануда, бұл жалпы ішкі өнімге 17,1%, 2026 жылы – 23,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13,7%, 2027 жылы – 24,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 12,9% құрайды. 2025 жылы 3 250 млрд теңге көлеміндегі нысаналы трансферт әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ өңірлік өсу деңгейін қолдауға бағытталады, – дейді ол.

Министрдің сөзінше, 2025 жылы бюджет тапшылығын 2026–2027 жылдары жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,2%-ға және 1,9%-ға дейін төмендете отырып, жалпы ішкі өнімге қатысты 2,7% деңгейінде айқындау ұсынылады.

– Мұнай емес тапшылық деңгейі болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 7,3%-дан, 2027 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 4,0%-ға дейін төмендейді. Сонымен қатар Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі, – дейді Байбазаров.

Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41,0 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.