×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Екі баласы бар ана Астана әкімдігін сотта жеңіп шықты

27.08.2024, 11:13
Екі баласы бар ана Астана әкімдігін сотта жеңіп шықты
ашық дереккөзден

Жоғарғы сот елорда әкімдігін 2 кәмелетке толмаған баласы бар анаға баспана беруге міндеттеді,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анасы мен оның екі кәмелетке толмаған баласы Астана әкімдігіне шағымданып, сотқа жүгінген. Себебі, тұрғын үйді жөндеу жобасын жүзеге асыру комиссиясы оларға үй беруден бас тартқан.

Жауапкерлер Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсірді.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, талап қоюшы мемлекет меншігі саналатын даулы пәтерде туған күнінен бастап ата-анасымен бірге тұрады. Әкесі 1977 жылдан, анасы 1987 жылдан бері сол үйде тіркелген. 2023 жылы тұрғын үй құрылысы қауіпті деп танылып, мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылған.

«Жергілікті соттар әйел мен оның қыздарының даулы пәтерді ашық пайдаланып отырғанына және басқа баспанасы жоқтығына заңды түрде назар аударды. Тиісінше, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабының өлшемшарттары бойынша олар мұқтаж деп танылады.

Жауапкерлердің жаңа баспана беруден бас тартудағы дәлелінің бірі - талап қоюшыларда құқық белгілейтін құжаттардың жоқтығы. Алайда, мемлекеттік мекеме оларға даулы пәтерде ұзақ уақыт тұруына қатысты ешқандай талап қоймаған. Бұл жағдайды меншік иесінің үнсіз келісімімен жалдау шарты бойынша тұру деп есептеу керек», - делінген хабарламада.

Демек, талап қоюшылар Заңның 105-бабында көрсетілгендей, мемлекеттік қордан тұрғын үйді жалдау шарты бойынша алу шарттарына жатады.

Жоғарғы Соттың ӘЖСА-ның №6001-24-00-6aп/163 қаулысында «Тараптың істің объективті мән-жайларына сәйкес келетін сот қорытындыларымен келіспеуі даулы сот актілерінің күшін жоюға негіз болып табылмайды» делінген.