Гүлмира Сатыбалды сот жарыссөзінде сөз сөйлеуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін Гүлмира Сатыбалды сот отырысына тікелей тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Алайда процесс басталар алдында сотталушы судья Мартпек Кәкімжановтан сот жарыссөзін оның қатысуынсыз өткізуді сұрады, өйткені ол қайтадан ауырып қалғанын айтты.
Судья Кәкімжанов Сатыбалдыдан шыдам танытып, жарыссөз аяқталғаннан кейін соңғы сөз сөйлеуін сұрағанына қарамастан, сотталушы одан бас тартты. Ол өзінің адвокаттарының ұстанымын барлық жағынан қолдайтынын айтты.
Осыны ескере отырып, сот айыптау мен жәбірленуші жағын тыңдай бастады.
26 тамызда өткен сотта Гүлмира Сатыбалды аллергиясы қозып, ауырып қалғанын айтқан еді.
Гүлмира Сатыбалды деген кім
52 жастағы Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Мамандығы – мұғалім. Екеуінің ортақ үш баласы бар (ұлы Бауыржан және екі қызы: Аружан мен Дария).
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталды. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашуға тырысқан.
Кейінірек ведомство іс рейдерліктен басқа, Шымкент Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген 741 млн бюджет қаражатын ұрлау бойынша өтіп жатқанын айтты. Гүлмира Сатыбалды бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеген.
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұраған.