×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбеде диспетчердің немқұрайлығынан кісі өлімі орын алған

28.08.2024, 18:20
Ақтөбеде диспетчердің немқұрайлығынан кісі өлімі орын алған
ашық дереккөзден

Ақтөбеде әйел өлер алдында жедел құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Алайда қызметкер оның сөзіне немқұрайлы қарап, мән бермеген.

Еуразия арнасының мәліметіне қарағанда, 2024 жылғы 9 маусым күні 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Жоғалған әйелдің туыстары полицияға хабарласқан. Сөйтсе көлігін қарауға келген адам оны тұншықтырып, денесін қала сыртына тастап, көлігін гаражға тығып қойған.

Әйел өлім алдында 911 нөмеріне хабарласып, “Мені өлтіріп жатыр!” деген екен. Алайда диспетчер оған немқұрайлық танытыпты. Сөзінше, ол арада тұрмыстық жанжал болып жатыр деп ойлапты. Ол кінәсін мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.

“Мені өлтіргелі жатыр” деп айқайлағанын естімедім. Тек шыңғырған және айқалаған дауыстарды естіп, мұны отбасылық жанжал деп ойладым. Сол күні өте көп қоңыраулар келіп жатты, бәрі бір уақытта келді. Егер оның даусын естігенде, полиция мен жедел жәрдемді жіберер едім. Кешірім сұраймын, мен қате жібердім”, – деді айыпталушы.

Прокурор айыпталушының салғырттығынан өлім болды дейді. Сөзінше, марқұм әзілдеп тұрмағанын және көмекке мұқтаж екенін айтқан.

Бұл – өз жұмысына немқұрайлық таныту. “Мен оның даусын естімедім” дейді. Қалай естімеуге болады, ол шыңғырып жатыр ғой?! Оны естімеу мүмкін емес еді, – деді марқұмның әпкесі Мадина Дүкенбаева.

Десе де, ол диспетчерге кешірім беруге дайын екенін айтты. Айыпталушы моральдық және материалдық өтемақы төледі. Бірақ ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.