×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ләйлә Сұлтанқызы ұтысқа сеніп, оңбай алданған әженің оқиғасын бөлісті

29.08.2024, 10:40
Ләйлә Сұлтанқызы ұтысқа сеніп, оңбай алданған әженің оқиғасын бөлісті
ашық дереккөзден

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы Астанадан пәтер ұтып алдыңыз деп алақтар алдаған ауылдағы әженің оқиғасын айтып, көпшлікті сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айтуынша, атын пайдаланып, алаяқтар ауылдағы әжелерге витамин, крем, БАД сатады. Журналист жақында алаяқтарға оңбай алданса да, олар уәде еткен пәтерлен әлі үмітін үзбейтін аңқау кейуананың оқиғасын көпшілікке сабақ болсын деген ниетпен жазған.

«Енді осы жақында болған таныс апаның оқиғасы тіпті ұят, ұятты қойыңызшы, нағыз оңбағандық. Бала-шағасына айтпай, 1 жыл көлемінде бір компанияға арасында 70 000-150 000-200 000-дап ақша салып жүріпті. «Үй ұтып алу мүмкіндігі бар» деп арбаған. Взамен нешетүрлі кішкентай (үтік, ыдыс-аяқ) тауарлар алыпты.

Осыдан шамамен 2 апта бұрын әлгі компанияның өкілі хабарласып, «сіз үй ұтып алдыңыз» деп, ремонты мықты 4 бөлмелі үйдің видеосын жіберген ғой. «Әй, осыған дейін қайда болдыңдар?» десе, «компанияның бастығы өліп қалып, банкрот болды. Соны жаңа бастық сатып алып, розыгрышты қайта жасап жатыр»депті. Ой, бұл бергі жағы. Бір кезде не аты, не заты жоқ ауызекі тілде жазылған «договор» жіберген. Ол жерде әлгі квартира 70 000 000 тұратыны, 10% налог төлеу керектігі, ол налогты компания өзі төлейді, тек 232450 тг жетпей тұрғаны жазылған. Оны ұтып алған адам төлеу керек екен.

Апа балаларының «өтірік» деген сөзін тыңдамай, тағы ақша аударды. Бір жағынан ол кісіні де түсінуге болады. Жасы 76 да, біреу хабарласып, «апа, үй ұттыңыз. Астанаға келесіз, билетін өзіміз алып береміз» деп әбден іші-бауырына кірген. Оның үстіне менеджердің аты Ислам болса

Енді не үй, не ақша жоқ. Бірақ, апа әлі сенеді. Ауылда бәріміздің аға-жеңге, апа-жезде, ата-әжеміз бар ғой. Бір хабарласып, қал сұрап қойсаңыздар екен. Бұл оқиғамен де бөлісейік. Біреудің ақшасы қалтасында қалар бәлкім……», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, бүгінде алаяқтықтың түр-түрімен айналысып жүрген азаматтар еліміздің жер-жерінде тұсталып, қамалып жатыр. Мысалы, жақында Астана қаласында интернет-алаяқтардан мыңнан астам sim-карта тәркіленген болатын.