×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Қайрат Боранбаев паралимпиадалық спортшыларға үндеу жасады

29.08.2024, 12:52
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қазақстандықтарды отандық спортшыларды қолдауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайрат Боранбаев бүгін спорт әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі – Париждегі Паралимпиада ойындары басталатынын еске салды.

 

«Биылғы жылы біздің команда Паралимпиада ойындарына қатысуға рекордтық лицензия тізімін алды. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Баршаңызды Паралимпиада ойындарын тамашалауды, әлеуметтік желіде өз пікірлеріңізді білдіріп, жүректерді басып, спортшыларымызға қолдауларыңызды көрсетуіңізді сұраймын. Олар мұның бәрін көреді, есте сақтайды», – делі ол.

Паралимпиада комитетінің президенті отандастырымызға сәттілік тіледі.

 

«Спортшыларымызға да айтарым бар. Құрметті біздің спортшылар, сіздер Қазақстанның мақтанышысыздар. Біз сіздерге, жеңістеріңізге және еңбектеріңізге сенеміз, осы жылдар бойы Паралимпиадаға дайындалғандарыңызды көрдік. Сіздер ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу қарсаңында тұрсыз, мен жеңіске сенімдімін. Сіздердің Парижге барғаныңыз жанкүйерлер ретінде біз үшін үлкен жеңіс болды. Бүкіл ел сендерді қолдайтынын ұмытпаңыздар. Алға, Қазақстан!», - деді Боранбаев.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайланған болатын.

Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді