×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тым мәмілешіл әрі осал: Кәсіпкерлер Баталовтың отставкасын талап етті

29.08.2024, 17:50
Тым мәмілешіл әрі осал: Кәсіпкерлер Баталовтың отставкасын талап етті
Коллаж Ulysmedia.kz

Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының басшысы Владимир Дворецкий "Парасат" кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесінде "Атамекен" ҰКП басшысы Раймбек Баталовтың жұмысын сынға алды. Оның пікірінше, палата басшысы өз міндеттерін орындай алмайды. Сонымен қатар, "Атамекен" бизнесінің жарналары мен оның монополиясын жою жөнінде де ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баталов неге бұрынғыдай емес

Владимир Дворецкийдің пікірінше, "Атамекен" ҰКП басшысы сенімді жоғалтқан – бұл лауазымға сай келмейді.

– Баталов – бұл лауазымға мүлде сай келмейтін нақты адам, өйткені оның өзі кәсіпкер әрі оның бизнесі осал. Егер оның мүддесі мен палатаның, елдің мүддесі бір-біріне қайшы келсе, не болатыны бесенеден белгілі. Оның өзі де осал әрі тым мәмілешіл. Ол мүдделер қақтығысы болған кезде шешім қабылдамайды. Ал түрлі саланың ішінде дау туатыны сөзсіз, сондықтан адал бәсекелестік болуы үшін заңға сәйкес шындық, орынды ойлам мен дұрыс бағыт тұрғысынан шешім қабылдау қажет. Ол олай ете алмайды, - деді одақ басшысы.

Оның айтуынша, Райымбек Баталов палатада екі лауазым бірдей атқарады – палатаның басқарма төрағалығының да, төралқаның да тізгіні өзінде – яғни билікті монополиялап алған. Ал жоспар тау көшірердей болғанымен, палатада оң өзгерістер байқалмайды.

Владимир Дворецкий

– 2022 жылдың басында палатаға түбегейлі реформалауға мүмкіндік берілді. Үш жылға жуық уақыт өтсе де, нақты реформалар жөнінде бірдеңе деу қиын. Мүдделер қақтығысы мәселесін тиімді шешетін әрі салалық қауымдастықтар арасындағы бәсекелестікті ынталандыратын біздің ұсынысымыз тіптен қарастырылмады. Жаңа басшылық, ең алдымен, Райымбек Баталов нақты нәтижелерге әкелмейтін, аласапыран қимылдың әлсіз еліктегіштері болып шықты. Палата Үкіметтегі және бизнес-қоғамдастықтағы беделін жоғалтты, - дейді Дворецкий.

"Атамекен" ҰКП-ны мүлде жою керек пе

Владимир Дворецкий палатаны монополист деп атайды. Міндетті мүшелік пен міндетті төлемдерді тоқтату керек деп санайды.

– Егер бизнестің бір бөлігі Баталовтың басшылығымен немесе басқа біреудің қол астында палатаны осындай форматта сақтағысы келсе, оны қаржыландыруын, құрылымын өзі анықтасын. Бірақ бұл мүлде басқа ұйым болады әрі менің ойымша, микро және шағын бизнесті қолдайды. Барлық салалық қауымдастықтар нақты шешімдер қабылданатын органмен жұмыс істеу үшін баяғыда-ақ жетілген, - деді қауымдастық басшысы.

Бір мысал

Владимир Дворецкий өз сөзінің дәлелі ретінде мысал келтірді: 8 жылдан астам уақыт бойы Үкімет бұрыс ақпаратқа сүйеніп, профициті ресми түрде анықталса да, қалдықтар мен түсті және қара металдардың экспортын шектеп, тыйым салып келеді. Сегіздің үш жылы ішінде тыйым ешқандай нормативтік актісіз, тек министрдің қоңырауы бойынша енгізілген.

– Бізде осы уақытқа дейін шешілмеген дайын сыбайлас жемқорлық қылмыс бар. Ел жабылғандықтан, нарық монополияланды, бағалар бәсекеге қабілетсіз 50% дейін төмендеді. Сондықтан бұл олигархтар, металлургтер шамамен 100 миллиард теңге артық пайда тапты. Бұл пайданы алу үшін ел триллионнан айырылды. Ешқандай экономика, әрине, мұндай жағдайға төтеп бере алмайды, - деп ашуланды ол.

Сондай-ақ, Дворецкийдің айтуынша, Раймбек Баталов бұл мәселе бойынша премьер-министрдің қатысуымен кеңес өткізуге уәде берген, бірақ содан бері екі жыл өткен.

Ulysmedia.kz "Атамекен" ҰКП-ға түсініктеме алу үшін жүгінді, алайда палата түсініктеме беруден бас тартты.

Райымбек Баталов жайлы

Райымбек Баталов – белгілі қазақстандық кәсіпкер. Raimbek Agro, "Райымбек групп плюс", City Fair Trade Ltd, Raimbek Bottlers Group компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ, ол "Атамекен"ҰКП төралқасының төрағасы және басқарма мүшесі. "Даму" КДҚ АҚ тәуелсіз директоры, Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Құрылтай мүшесі, реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің мүшесі, ШЫҰ-ның Қазақстаннан Іскерлік кеңесінің және "Қазақстан кәсіпкерлер форумы" қауымдастық кеңесінің төрағасы.