Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова қазақ боксшыларына өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сырлыкүл Саттарханова бұл өкпесін журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтқан.
– Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті, – деп сұрайды журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.
Бұған жауап берген Сырлыгүл Саттарханова Олимпиаданың алдында өзбек боксшылары келіп кеткенін айтады.
– Үйіме келді. Бір Икарус автобусымен келді. Жыл да келеді. Биыл да келіп кетті. Биыл мен өз бала-шағамды көрмеппін. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бахтиярр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін, – дейді анасы.
Өзбек боксшылары Париж Олимпиадасында бес алтын медаль әкелген. Қазақ боксшылары бір күміс медальмен елге оралды.