×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Капитаннан бірден подполковникке: Өзбекстанның чемпион екі боксшысына әскери шен берілді

29.08.2024, 21:53
Өзбекстан Ұлттық ұланы

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпиондары Бахадүр Жалолов пен Хасанбой Дусматов Өзбекстанның Ұлттық ұланында капитан атағында қызмет етіп жүріп,бірден подполковник шенін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстанның Ұлттық ұланының қолбасшысы генерал-майор Рустам Джораев Париж Олимпиадасының ойындарына қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне капитан Баходир Жалолов пен капитан Хасанбой Дусматовқа мерзімінен бұрын подполковник әскери атағын берді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шара барысында Ұлттық ұлан қолбасшысының бұйрығымен "Париж-2024"XXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен қызметкерлері, олардың жаттықтырушылары мен жеңімпаздардың ата-аналарына құрмет көрсетілген.

Сондай-ақ, екі боксшының анасына Ұлттық гвардияның естелік сағаты табысталды.