×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Іздеуде жүрген қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

31.08.2024, 11:29
Бас прокуратура

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін іздеуде жүрген қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биылғы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді Бас прокуратура.