×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шахтадағы төрт кеншінің өлімі: арнайы комиссия құрылды

01.09.2024, 11:15
Шахтадағы төрт кеншінің өлімі: арнайы комиссия құрылды
ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға ШҚО, Глубокое ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қайғылы оқиға қашан болды?

Оқыс жағдай 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. Алдын ала мәлімет тараған ақпаратқа қарағанда, кеншілер белгісіз заттан уланып көз жұмған. Тағы бір адам Глубокое аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалайды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қаза болған жұмысшылар...

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;

ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;

ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза болған азаматтардың туған-туыстарының үйіне барып көңіл айтқан. Ал Еңбек министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлайды.

KAZ Minerals кімге тиесілі?

KAZ Minerals акциялары Қазақстан, Лондон және Гонконг биржаларында саудаланады. Компанияның ірі акционері Владимир Ким (Forbes Kazakhstan рейтингінінде 1- орында) – 31,73%. Қалған екеуі – Олег Новачук (№27) - 7,65% және Владислав Ким (№23) – 6,82%.