Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда нөсер жауып, 3 қыркүйек түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.
Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі болжанады: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.