×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Біз ойын шартын өзгертіп, соғысты Ресейге ығыстырып жатырмыз – Зеленский

06.09.2024, 18:27
Біз ойын шартын өзгертіп, соғысты Ресейге ығыстырып жатырмыз – Зеленский
Коллаж Ulysmedia.kz

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс өз елінің аумағынан Ресейге ауғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленскийдің пікірі

Украина президенті Владимир Зеленский Рамштейн базасында Курск облысының басып алынған аумағы жөнінде айтты:

– Біз ойынды аударып, соғысты Ресей аумағына ығыстырып жатырмыз, – деген оның сөзін ВВС "Орыс қызметі" келтіреді.

Қазір Курск облысының 1,3 мың шаршы шақырымнан астамы Украина әскерінің бақылауында, дейді Зеленский.

Украина президентінің айтуынша, Ресей әскерлері қалдырып кеткен 100 елдімекен Украинаның қарамағында.

– Олар біздің әскердің келе жатқанын көргенде қашып кетті. Аумақтың едәуір бөлігін біздің әскер соғысып жүріп, бақылауына алды",-дейді Зеленский.

Әйтсе де, ресейлік БАҚ күн сайын Украина әскерінің беті қайтып жатыр деп ақпарат таратады. 

Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскери күштері Курск облысындағы жағдайды "тұрақтандырды" және Ресей аумағынан Украинаны  "біртіндеп ығыстыра" бастады деп мәлімдеді.

Рамштейн базасындағы Зеленский бүгін Ресейдің Курск облысында Украин операциясының басталуынан тура бір ай өткенін атап өтті.

– Бұл Путин соғысты Украина аумағына дайындаған шекара. Ол біздің Сума қаласына қарсы жаңа шабуыл жасауға дайындалып жатты. Біз қарсы шабуылымыздың арқасында ойынды аударып, соғысты Ресей аумағына ығыстырдық, - деп келтіреді оның "Украин ақиқаты" басылымы.

Зеленский сонымен бірге Курск облысында Ресей армиясы үлкен шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Алайда, деректер расталмаған.

Еске сала кетейік, Украинаның Қарулы күштері Курск облысында 6 тамызда шабуыл жасады.

Украина бас қолбасшысы Александр Сырский 15 тамызда украин күштері Ресейдің Курск облысының 82 елдімекенін және 1150 шаршы шақырым аумақты бақылап отырғанын айтты.

Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк 14 тамызда Ресейдің Курск облысында 100-ден астам ресейліктер тұтқынға алынғанын хабарлады.