Естімеген елде көп. Шымкенттік өнер үйірмесі қайтыс болған баланы да оқытып, үкіметтен ақша алып отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Оntustiktv арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы мәлімдеді.
Тиісті тексерістер нәтижесінде үйірмелер тізімінде тұрған 2 мыңнан астам қатысушының шын мәнінде көрсетілген үйірмеге бармайтыны, мүлде бармағаны анықталған. Тіпті тізімге қайтыс болған баланың құжаттары да тіркеліпті. Әккілер жоқтан бар жасап, балалар үшін бөлінген қаржыны қисынсыз пайдаланып келген.
“Шетелге шығып кетпек түгілі өмірден өтіп кеткен балалар да бар екен. Өмірден өтіп кеткен бірақ сол баланы тіркеп ақша алып отырған өнім берушілер бар. Біз прократурамен бірлесіп осындай 40-қа жуық фактіні анықтап отырмыз,” – дейді Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев.
Бұған дейін
Ақмола облысында балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинағанын хабарлаған едік.