Израиль Ливандағы "Хезболланың" 15-тен астам ұшыру алаңына шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Израиль әскери-әуе күштері Ливанда 15-тен астам ұшыру қондырғысына шабуыл жасады. Әскерилердің мәліметінше, оларды шииттік Хезболла қозғалысының қарулы бөлімшелері пайдаланған.
Бұл туралы Израиль қарулы күштерінің баспасөз қызметі хабарлады. Дегенмен соққы бағытталған елді мекендер нақты аталмады. Олардың мәліметінше, нысаналар негізінен Ливанның оңтүстік аймақтарында орналасқан.
“Кейбір қондырғылар Израиль аумағына қарай атқылауға дайын болды, деп хабарлады Израиль тарапы.
Шабуылдар кезінде бұл қондырғылардың кейбірінен бірнеше снаряд ұшып шығып, олар Ливан аумағына құлаған.