Маңғыстау облысында жол бойында қоқыс таситын көлік жарылып, жақын маңдағы ғимарат терезесі қираған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
7 қыркүйек күні сағат 12:01-де Мұнайлы ауданында «Әйгерім» мейрамханасының маңындағы жол бойында қоқыс таситын көлік өртенген. Көлік ішінде газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны 20 метр қашықтықта орналасқан азық-түлік дүкенінің терезелерін сындырып, баннеріне зақым келтірген.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:14-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылған.