×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ең аз айлықты 90 мыңға көтеру керек – депутат Алматыдағы суицид жайлы

24.11.2021, 11:03
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Алматыдағы үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынша өзі де суицид жасаған әйелге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен Жамбыл Ахметбековке журналистер кулуарда «көпбалалы отбасыларға ғана емес, үш баласы бар отбасыларға көмек көрсетілуі керек шығар, бәлкім?» деген сұрақ қойылды.

«Иә, сіз дұрыс айтасыз. Біз бұл мәселе жөнінде баяғыдан бері айтып келе жатырмыз. Бүгін көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемқақы көлемін арттыру, мүгедектердің жәрдемақысы мен зейнетақыны көтеру, жас отбасыларға көмек көрсету жөнінде депутаттық сауал жолдадық. Олар осындай өмірдің қиын жағдайымен бетпе-бет келмесе екен дейміз», - деді Жамбыл Ахметбеков.

Депутат Алматыдағы оқиғаға қатысты пікірін білдірді.

«Ол әйел суицид қана жасаған жоқ, менің ойымша ол өзінің кінәсіз балаларын терезеден лақтырып, қылмыс жасады. Меніңше, балалар өз-өзіне қол салу дегенді білмеді де. Торығу мен аффекттің шырқау шегі ме... Ол әйелдің психологиялық жағдайы солай болды деп айта алмаймын, бұл бәлкім аффект жағдайы шығар», - деді ол.

Ахметбеков әйелдің бұл әрекетінің әртүрлі себебін болуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Мүмкін, оны сол әл-ауқатының жақсы болуы немесе өмірдің қиын жағдайына бейімделе алмауы, капитал жинай алмауы, жетіспеушілік немесе күйеуіне реніші осы әрекетке итермелеген шығар. Менің ойымша, бұл мәселені кешенді түрде қарастыру керек. Біз әлеуметтік тұрғыда жауапты мемлекет деп өзімізді атасақ, әлеуметтік қажеттіліктерге назарды баса назар аудару керек. Әйтсе де біздің бюджеттің 60 пайызға жуығы әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалса да, мұның өзі жетпей жатыр. Әр отбасының қажеттілігін зерттеуі керек. Қазір ең төменгі жалақы 90 мың теңге болуы тиіс. Біздің сарапшылар оны зерттеп шықты», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары