×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қандастар үшін арнайы ҰБТ баламасын енгізу ұсынылды

24.11.2021, 11:33
Қазақстанда қандастар үшін арнайы ҰБТ баламасын енгізу ұсынылды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл ұсынысты Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова ортаға салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, этникалық қандастарымыз үшін ҰБТ емтихандарын тапсыру қиын. Өйткені, қазақстандық білім беру бағдарламасы бойынша 11 жыл оқыған талапкер Қазақстанда ешқашан оқымаған немесе тек 9 айлық дайындық курсынан өткен қандастарымыз тең дәрежеде тест тапсырады. 2021 жылы техникалық қиындықтарға кезіккен. 2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны –  2000 адам болса, 863 адам оқуға түскен.  2020 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны 2025 адам болса, оның 930-ы ғана оқуға қабылданған. Ал 2021 жылы ҰБТ-ға қатысуға құжат тапсырғандар саны 2478 адам болса, небәрі 796-сы ғана оқуға түскен.

«Осыған байланысты этникалық қазақтар үшін халықаралық емтихандармен сәйкестендіре алатын ҰБТ-ның баламалы емтиханын енгізуді қарастыру қажет. Сонымен қатар, дайындық курстарын тілдік курстарға өзгертуді ұсынамыз. Екіншіден, этникалық қандастарымызға Болон процесі және академиялық ұтқырлық стипендиялық бағдарламасы аясында магистратура мен доктарантураға жеке квота бөлуді қарастыруды ұсынамыз. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қандастарымыз барлық шетел азаматтарымен бірдей дәрежеде қатысады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағытымен Еуропа мен ТМД елдеріндегі этникалық қандас студенттер алмасу үшін квота бөлінуін ұсынамыз. Үшіншіден, Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдерден үкіметаралық білім беру гранттары аясында этникалық қандастарды барынша тарту қажет», - деді ол.