Танымал әнші Сәкен Майғазиев тойда жаттығу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әнші спорттық жаттығу эстафетасын әріптестеріне арнады.
Қарапайым отжиманияны 70 пен 100 реттің арасында жасай беремін. Ал мына түрі қиын екен. Сенбесеңіз жасап көріңіз. Осы спорттық жаттығу эстафетасын өнердегі бауырларыма жолдаймын, – деді ол.
Сондай-ақ Сәкен Майғазиев 18 жасқа толмағандардан жаттығуды қайталамауды сұрады.
Егер жасың 18-ге толмаса, үйде жасамаған дұрыс. Отжиманияның мына түрін 4-ақ рет жасадым, – деп жазды ол.