×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

09.09.2024, 14:47
Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты
Тик-ток

Әлеуметтік желіде тікелей эфирде түрлі боғауыз айтып, аты шыққан Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұрат Әбділдәнің бостандыққа шыққан суреті Тик-ток әлеуметтік желісінде жарияланды. Бұған дейін оны бостандыққа шығаратын сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енетіні хабарланған еді.

Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары