Иран СІМ ресми өкілі Насер Канаани Украинадағы соғыста пайдалану үшін Тегеранның Ресейге қару-жарақ жеткізгені жөнінде БАҚ таратқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Украинадағы соғыс үшін Ираннан қару-жарақ жеткізгені жөнінде мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Иранға айып тағатындардың өздері соғысушы тараптардың бірі әрі Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруда маңызды рөл атқарады, - дейді Fars агенттігі Канаанидің сөзіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Украина Ресейге зымырандарды жеткізгені үшін Иранға ескерту жасағаны хабарланған болатын.
Иранның Ресейге баллистикалық зымырандарды жеткізуі мүмкін деген мәліметтер 2022 жылдың күзінен бастап тарады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресей 2024 жылдың басында Иранның Fateh-110 зымырандарының кем дегенде төрт партиясын және олардың zolfaghar модификацияларын алған.
Иран айыптауларды жоққа шығарады.
Тегеран Ресейдің баллистикалық зымырандар жайлы ақпаратты бірнеше рет растамады. Алайда 2022 жылдың соңында Иран Ресей армиясы Украинаның азаматтық және энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасау үшін белсенді қолданатын Shahed дрондарын Мәскеуге бергені жөнінде фактісін мойындады. Иран билігі бұл ұшқышсыз ұшу аппараттары толық шапқыншылық басталғанға дейін берілді деп сендірді, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ирандық нұсқаушылар Қырымда 2022 жылдың күзінде де байқалған.