×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Танымал актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды

10.09.2024, 15:54
Танымал актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды

Актер 64 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Үсіпхан Сейтімбет саналы ғұмырын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына арнап, тума таланты, табиғи дарыны арқасында әр жанрда есте қаларлық сан қырлы образдар галереясын жасады. Халық жадында бойына барлық өнерді қабыстыра білген шебер актер ретінде қалды, – делінген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры таратқан хабарламада. 

1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келді. 

1979 жылы Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды. 

1983 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті. 

1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 

«Құрмет» орденінің иегері (2019ж.), ),"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж.), "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері (2018ж.).