×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қазақстанда Каспий теңізінің таяздану себебі мен салдары зерттеледі

10.09.2024, 19:04
Қазақстанда Каспий теңізінің таяздану себебі мен салдары зерттеледі
Pixabay

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институтының қызметіне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа сәйкес институт қызметінің негізгі түрлеріне Каспий теңізінің таяздануының себептері мен салдарын зерттеу қосылған.

Сонымен қатар, институт Каспий теңізінің қазақстандық секторында табиғи ресурстарды сақтау және молықтыру тұрғысынан қоршаған ортаны мониторингтеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Құжат 24 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауына шығарылған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусым айында Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру бекітілген.