Жамбыл облысында бақсы келген Тұрар Рысқұлов ауданындағы Тереңөзек ауылында тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кімдер қызметпен қош айтысты
Тексеруді Жамбыл облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі, Жамбыл облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Оқиға орнында білім беру, ақпарат және қоғамдық даму басқармаларының қызметкерлері жұмыс істеді.
Тексеру нәтижесінде Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары А.Терлікбаев, Жамбыл атындағы мектеп директора Э.Закимбаева өз еркімен қызметтерінен кетті.
Тұрар Рысұлов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына және Тереңөзек ауылының әкіміне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында мектепке бақсыны шақыруға мұғалімдерден ақша жиналғанын жазған едік.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жайтқа қатысты пікір білдірген болатын.
Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай жағдайларға қатысты білім мекемелеріне қатаң ескерту жасалған болатын. Мектеп бірінші кезекте оқу-тәрбие ісімен айналысуы керек. Ал бөтен тұлғалардың келуіне қатысты қабылданған тиісті заңда, мектептің ішкі жарғыларында да жазылған. Сондықтан мектепте болатын шараға мектептегі бірінші басшы жауапты.
Шешім жергілікті атқарушы органдар зерттеу жүргізгеннен кейін, анығына жету керек. Осыған байланысты мектеп басшылығы жазаланып отыр. Тиісті шара қабылданды. Ал тәрбие жұмыстарына байланысты орынбасарға тапсырма берілді. Егер қатысы болса ол қандай маман болса да жауапкершілікті мойнына алуы керек", - дейді министр.
Айта кетейік, биыл шілде айынан бастап Қырғызстанда бақсы-балгерлердің қызметін жарнамалауға заңмен тыйым салынған болатын.