Имам Қабылбек Әліпбайұлы «қазақтың 70 пайыз сөзі араб тілінен кірген» деген сөзін жоққа шығарып, әлеуметтік желіге видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Жалпы ол жерде айтылған мәселе – жалпылама қазақ тілінде арабтан кірме сөздер бар екені туралы айтылды. Бірақ соның ішінде біздің діни білімге, діни құлшылық жасауға қатысты 70 пайыз сөз арабтан кіргенін айттым ол жерде.Жалпы, біздің қазақ тілінің бай тіл екенін білеміз. Оны мақтанып айтып жүреміз. Жалпылама, 70 пайыз деген мағына емес. Ол жерде мысалы, ұстаз, мешіт, медресе секілді арабтың сөздері діни құлшылық жасауға қатысты. Намаз деген сөз парсы тілінен енген сөз. Құрметті қазақ елі, соны дұрыс түсінуге шақырамын. Олай сөзді бұрмалаудың қажеті жоқ. Біздің қазақ тілі – өте бай тіл. Сол себепті еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін «қазақтың 70 пайыз сөзі арабтан кірген» деген Қабылбек Әліпбайұлы сынға ұшыраған еді.