×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ердоған Қырымды Украинаға қайтару керек деп мәлімдеді

11.09.2024, 17:40
Ердоған Қырымды Украинаға қайтару керек деп мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын растап, Қырымды қайтару – халықаралық құқықтың талабы деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ердоған Қырым платформасы көшбасшыларының төртінші саммитіне бейнехабарлама жіберіп, Украинаның территориялық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін түрік тарапының қолдауы мызғымайтынын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ Қырым татарларын одан әрі қолдау қажеттілігін айтты.

– Мен алдағы кезеңде Қырым татарларының құқықтарын нығайту үшін қосымша қадамдар жасалады деп сенемін, — деді президент Ердоған.

Ресей мен Украина қақтығысы туралы айта отырып, Ердоған Түркияның шынайы тілегі "соғысты Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігі негізінде әділ және берік бейбітшілікпен аяқтау" екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Ресей Қырымды Украинадан 2014 жылы тартып алған. Түркия, АҚШ және БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырым аннексиясын заңсыз деп санайды.