×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Сот емес театр?» Астанада спорт комитетінің бұрынғы басшысын соттап жатыр

11.09.2024, 18:15
«Сот емес театр?» Астанада спорт комитетінің бұрынғы басшысын соттап жатыр
Коллаж Ulysmedia.kz

Бүгін, 11 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұрынғы шенеунік қысқы сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін жаттықтырушыларға төленген ақшаны иемденді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен-мыс.

Бір қызығы, жаттықтырушылардың өзі бұл ақпаратты жоққа шығарады. Ал адвокаттар Қазақстан мұндай жетістікке тарихта бірінші рет қана қол жеткізгенін және сөз байласатындай нәтижені алдын ала болжау мүмкін болмағанын айтады.

Бүгін Ерғалиевтің адвокаттары сот процесі театрландырылған қойылымға айналды деп мәлімдеді.

– Біздің қорғаныс тарап жағынан көзімізге театрға ұқсас бірдеңе елестейді. Бұл театрдың актерлері өз ісінде, ал куәгерлер өз рөлін орындай алмады. Режиссер тергеу жедел тобының атынан сценаристің идеясын жүзеге асыра алмай тұр. Бұл жағдайда сценаристің кім екені бізге белгісіз. Ол көлеңкеде қалды. Біз істің тапсырыс екеніне сенімдіміз, - дейді адвокат Төрегелді.

Сондай-ақ, қорғаныс тарапы белгілі бір мүдделі тұлғалар спортшы Серік Сәпиевті "темір торға тоғытқысы келеді" дегенге сенімді.

– Тізімді бекітуге Спорт және дене шынықтыру комитеті айналысады, сол кезде басшы Сәпиев болған. Біз бұл фамилияны әдейі атап өтеміз, өйткені бұйрыққа кері мерзімде қол қойылғаны анықталды. Қол қойылған кезде Сәпиев жұмысында болған, - дейді қорғаушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін спорт істері комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ұсталғаны белгілі болған.