×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Анам бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалап жүретін – Елдос Сметов

12.09.2024, 07:47
Анам бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалап жүретін – Елдос Сметов
24kz

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бала кезінде отбасымен көрген қиындықтары жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Түнгі Студия бағдарламасына сілтеме жасап.

– Ауылда тұрдық. Әкем құрылыс жағында жұмыс істеп, қалада жүрді. Анам үйде болды. Бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалап жүргені бар. Соны өз көзіммен көріп өстім. “Мама, қарным ашты, нан жегім келіп тұр” деген кезде балаларының бәрін құшақтап жылайтын. Қарнымыз ашып жатыр деп жыласақ, “балам ұйықтап қалшы, қарның ашқанын білмей қаласың” дейтін. Осы нәрсенің бәрін ұмытып кетсем, ол – менің надандығым. Атақ-абыройға, баршылыққа мастанбауыма тағдырымда болған осындай оқиғалар әсер етті. Бұл қиындықтар ата-анама жақсы өмір сыйлауға мотивация болды, - деді Елдос Сметов.

Олимпиада чемпионы бұл оқиға тоқсаныншы жылдары болғанын айтты. Өзі бала кезде темір өткізіп, нан сатып алғанын айтады.

Естеріңізге салсақ, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында барша Қазақстандықтар тарихи жеңістің куәсі болды. Дзюдодан екі бірдей cпортшымыз жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жекелей сында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Елдос елімізге Париж Олимпиадасының алғашқы алтынын сыйлады. 

Ал, 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді.