×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ферроқорытпа зауытындағы жарылыс: компания өкілі сотталды

12.09.2024, 19:35
Ферроқорытпа зауытындағы жарылыс: компания өкілі сотталды
Ашық дереккөзден

Оқиға биыл шілде айында Қарағанды қаласында болған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік органдарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде кедергі жасау туралы істі қарағанын хабарлады. 

Сотта "YDD Corporation" ЖШС өкілдері 40 минутбойы зауыт аумағына өртті сөндіру үшін келген ТЖД қызметкерлерін жібермегені хабарланды. Сондай-ақ олар оқиға орнында ақпарат беруден бас тарқан.

Сотта зауыт өкілі ТЖД қызметкерлерінің қызметіне кедергі жасау фактісін мойындамады. Алайда, "YDD Corporation" ЖШС кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен расталды. Сот "YDD Corporation" ЖШС-ні әкімшілік жауапкершілікке тартып, 200 АЕК (730 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ЗАУЫТТАҒЫ ӨРТ

20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын атқылап, соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.

Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша ("Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу") қылмыстық іс қозғалды.

Кейін 

YDD Corporation зауытындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны төртке жетті. 22 шілдеде ауруханада 1993 жылы туған жұмысшы қайтыс болса, 24 шілдеде 1999 жылы туған жұмысшы көз жұмды. Компания қайтыс болған жұмысшылардың есімдерін атады:

  • пеш бастығы Музафар Исмайлов;
  • технолог Ерұлан Қазкен;
  • балқыту цехының механигі Дмитро Адамчук;
  • бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.