×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақты болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақты болады
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақты болады, антициклон әсерінен көп жерлерде жауын-шашын күтілмейді. Алайда, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстікте шаңды боран күтіледі. Сонымен қатар, бірқатар аймақтарда, әсіресе Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары болады

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 13 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Тнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 13 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 13 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Таңертең және күндіз Ақмола облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 13 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шөлді, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде топырақтын бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

12-13 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.