Украина президенті Владимир Зеленский Ресей билігін қараша айында өтетін жаңа бейбітшілік саммитіне шақыратынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Украина президенті қараша айында тағы бір жаһандық бейбітшілік саммитін өткізуге ниетті. Онда ол соғысты тоқтату туралы өз көзқарасын баяндайды. Олар Ресейді де кездесуге шақырғалы отыр. Зеленский сондай-ақ Джо Байденмен кездесуі туралы да хабарлады.
Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Киевте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сонымен қатар Ялтадағы жыл сайынғы Еуропалық стратегия жиналысының алдындағы баспасөз мәслихатында Зеленский қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байденмен Ресей бастаған соғысты тоқтатудың «жеңіс жоспарын» ұсыну үшін жаңа кездесу өткізетінін хабарлады.
Францияның Le Monde басылымы Зеленскийдің ешқандай мәлімет бермегенін атап өтті. Украина президентінің айтуынша, оның ұсынысы «Украинаға соғысты бейбітшілікке бағыттауға жеткілікті күш беретін өзара байланысты шешімдер жүйесін» қамтиды», деп жазады газет.