×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей «Собеседник» газетін «шетел агенті» деп таныды

14.09.2024, 12:25
Ресей «Собеседник» газетін «шетел агенті» деп таныды
Ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының Әділет министрлігі “шетел агенттерінің” реестірін толықтырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа тізімге Воронеж облысының экс-депутаты, «Яблоко» партиясы төрағасының орынбасары, сатиралық мультфильмдердің авторы, ЛГБТ белсендісі және Навальныйдың Мәскеудегі штаб-пәтерінің бұрынғы үйлестірушісі «Собеседник» газеті кірді.

Атап айтсақ, «Собеседник» газетінің заңды тұлғасы «Собеседник-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және бес адам: Нина Беляева, Владимир Дорохов, Михаил Ежов, Ярослав Распутин және Олег Степанов иноагент атанып отыр.

«Собеседник» Ресейде бірнеше жылдан бері қысым көріп келеді. 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Ресей Федерациясындағы цензураның күшеюі аясында Роскомнадзор басылымның сайтын бұғаттады. 2024 жылы газет Алексей Навальныйдың өлімі туралы мақала жариялап, оның суретін бірінші бетке орналастырғаннан кейін «Собеседник» газетінің редакторларына қоқан-лоққылар келе бастады. Бұл басылымның тиражы түсіндірілместен сатылымнан алынды.