×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Бүгін елімізде жел күшейіп, шаң араласқан дауыл соғуы мүмкін

15.09.2024, 10:15
Бүгін елімізде жел күшейіп, шаң араласқан дауыл соғуы мүмкін
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» ел аумағында 15 қыркүйекке арналған қауіпті метеорологиялық құбылыстар жайлы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кең антициклон Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

«Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жоғары сақталады», .

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.