×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көкпар мәселесін талқылай ма? Садыр Жапаров Қазақстанға келеді

16.09.2024, 17:40
Көкпар мәселесін талқылай ма? Садыр Жапаров Қазақстанға келеді
ашық дереккөз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Орталық Азия – Германия" мемлекет басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Бұл туралы Қырғызстан Президенті әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиев мәлімдеді.

КЕЗДЕСУДЕН-КЕЗДЕСУ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға 17 қыркүйекте келеді.

Сапар аясында Садыр Жапаров Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен ГФР Федералды канцлерінің екінші кездесуіне қатысады. Сондай-ақ Президент Садыр Жапаров Орталық Азия елдері президенттерінің ГФР кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысады, Германияның бизнес қауымдастығымен жеке кездесу өткізеді. Одан бөлек, ГФР федералды канцлері Олаф Шольцпен екіжақты келіссөздер жүргізеді, - деді Мұратбек Әзімбақиев.

НЕ ТАЛҚЫЛАНАДЫ?

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Германия канцлері өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін, оның ішінде Орталық Азия өңірінің ГФР-мен өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтуді талқылайды.

Бірінші "Орталық Азия – Германия" кездесуі Берлинде 2023 жылдың 29 қыркүйегінде Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың төрағалығымен өткен. 

Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысқан болатын.

НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, "жасыл" энергетиканы дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу перспективалары, Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері, сондай-ақ тұрақты және орнықты өңірлік дамуды қамтамасыз ету саласындағы бірлескен күш-жігер талқыланған болатын.

Іс-шараға қатысушылар "Орталық Азия – Германия" форматын ашық диалог пен өңір елдерінің неміс тарапымен практикалық ынтымақтастығының жаңа күн тәртібін қалыптастыру үшін тиімді алаң деп атады. Содан кейін олар жыл сайынғы кездесулер өткізуге келісті. 

Естеріңізге сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардың финалдық кездесуінде қазақ-қырғыз көкпаршылары арасында шу шығып, біраз дау тудырған болатын. Осы дауға нүкте қою үшін қырғыз көкпаршылары қазақстарды реваншқа шақырған. Қазақтар оларға ресми жауап беретінін айтқан еді.