×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Алматы облысында үш адам құдыққа құлап көз жұмды

16.09.2024, 23:30
Диас Нұрақынның парақшасынан

Олардың арасында 15 жастағы бала да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚЫС ОҚИҒА

Алматы облысы, Кеген ауданында болған. 

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын парақшасында жазды. 

“Кеген ауданында үш адам ашық жатқан құдыққа құлап көз жұмды. Арасында 15 жастағы бала да бар екен,” – деп жазды журналист. 

КІІМ КІНӘЛІ?

Журналист жағдайға суға жауаптыларды кінәлады. 

“Бұл оқыс оқиғаға суға жауаптылар тікелей кінәлі. “КегенСу” мекемесінің былығын алдағы уақытта бөлек жазамын. Тек ақша жинауды біледі олар. Бейбіт күнде бақилық болғандардың отбасына сабыр берсін,” – дейді ол. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

 Кеген ауданының полиция департаменті оқиғаны растады. 

“Қаза тапқандардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт полицияда тіркелген,”- деді құзырлы орган. 

Оқиғаның нақты себебі белгісіз. Бейресми мәліметтерге қарағанда  жергілікті тұрғындар су мәселесін шешкісі келіп, құдыққа кіріп, тұншығып қалған.

ҰҚСАС ЖАҒДАЙ 

Бұған дейін Петропавлда әкесінің соңынан еріп келе жатқан бала құдыққа құлап кеткен еді.