×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мас болған: Түркістан облысында үш ер адам жас жігітті ұрып өлтірген

Мас болған: Түркістан облысында үш ер адам жас жігітті ұрып өлтірген
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Ақсукент ауылында мас үш ересек адам жас жігітті аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленушінің миына қан кетіп, қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛДЫМЕН КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН

Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға болар алдында қаскүнемдер қаза тапқан жігіттің көлігін тартып алып, Шымкентке тартқан.

Қылмысқа қатысушылардың бірі соққыға жығылған жас жігітті видеоға түсіріп, оны анасы мен досына жолдаған, бірақ олар ешқандай әрекет жасамаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, полиция күдіктілердің біреуін ғана ұстаған, делінген хабарламада.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленушінің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның аясында оқиғаға қатысушылардың барлығының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ, қылмысты жасырған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда, – деді полициядағылар.