×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

WSJ: Украинадағы соғыста Ресей 200 мың, Украина 80 мың әскерінен айырылды

WSJ: Украинадағы соғыста Ресей 200 мың, Украина 80 мың әскерінен айырылды

Американың The Wall Street Journal газеті Украинадағы соғыс басталған екі жарым жылда қаза тапқандар мен. жараланғандар саны миллионнан асқаны жөнінде дерек жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БІР БІРІНЕН АЛШАҚ САНДАР

Басылым соғыстағы Украинаның адам шығынын 80 мың, Ресейдің шығынан 200 мың деп келтіреді. Жараланғандар екі жақтан да шамалас – 400 мыңның о жақ, бұ жағы.

Газет Украинаның шыңындарына қатысты деректерді құпия үкіметтік бағалауға сілтесе, Ресейдің шығындары туралы ақпаратты батыстық барлау қызметтері ұсынғанын айтады.

Алайда соғыс жағдайында бұл деректердің растығына көз жеткізу қиын. Әрі кейде тараптар келтірген деректер бір-бірінен тым алшақ.

Соғысып жатқан қос тарап әскери шығындары туралы айта бергенді құп көрмейді. Соғыс басталғалы қаза тапқан жауынгерлердің есебін жүргізіп келе жатқан ВВС мен «Медиазона» басылымдары тексеріп растаған соңғы дерегінде осы уақытқа кейін кемі 69059 адам қаза тапқанын, бұл – бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін хабарлаған.