×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Түгі қалмай өртеніп кеткен: Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды

17.09.2024, 20:10
Ашық дереккөзден

Жол апаты 17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында Қарасу ауданы Дружба кентінің маңында Chevrolet Cobalt және Audi автомобильдері соқтығысқан.

ӨРТЕНІП КЕТТІ

Екі көлік те Астанаға қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ізінен келе жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі алдындағы көліктен қашып құтыла алмай, соққыдан жол шетіне ұшып кеткен. Артынша көлік өртенген. Оқиға салдарынан Chevrolet жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері мен екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық пунктке жеткізілді.

Жедел-тергеу тобы оқиғаның себебін анықтап жатыр. Полиция жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.