×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

ІІМ жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектескен куәгерге сыйақы береді

Фото: egov.kz

Ішкі істер министрлігі «Құқық бұзу профилактикасы туралы» заң жобасын дайындады. Құжатта халық қоғамдық тәртіпті бақылауға өз еркімен атсалыса алатыны жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЫНТАЛАНДЫРУ

Kolesa.kz сайтының жазуынша, белсенді азамат ынталандыру ретінде мақтау грамотасын, ақшалай сыйлық және т. б. алғыс алады.

Кім, қандай сыйлық алатынын қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссия шешеді.

Жол ережесін бұзған жүргізуші туралы видеожазбаны жіберген азамат «ереже бұзған адамнан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақы алады немесе жергілікті атқарушы орган шешімі бойынша жеңілдікке (қоғамдық көлікте тегін жүру, машинасын автотұраққа тегін қою және т. б.) ие болады». Ерікті азамат алған сыйақысын қайырымдылық ұйымдарына аудара алады.

АНЫҚ ЕМЕС ШАРТТАР

Заң жобасында видео авторына айыппұлдың қанша пайызы берілетіні нақты жазылмаған. Ереже бұзған адам жүргізуші куәлігінен айырылса немесе қамалса, полицияға бейнежазба жіберген куәгер қандай сый алатыны белгісіз. Машинасын тұраққа тегін қоя ма? Еріктінің машинасы болмаса ше? Автобуспен тегін жүре ме?

Заң жобасында «ереже бұзылған сәтті бірнеше адам бейнежазбаға түсірсе, видеоны бірінші болып жіберген кісі сыйақы алады» деп жазылған. Яғни, жылдамдық маңызды.