×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

18.09.2024, 16:33
Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
Коллаж Ulysmedia.kz

Оның орнын Қуат Қожахметов басты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Банк акционері Ғалымжан Есенов 2023 жылдың ортасынан бастап банктің директорлар кеңесін басқарған. Банктен Есеновтың шығуы "корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келетіні әрі соған сәйкес мажоритарлық акционер банктің басқару органының қызметіне қатыспайтыны" аталып өтілді.

Олигарх 2023 жылдың тамызында банкті бақылауға алған. Өз акцияларының пакетін Нұрсұлтан Назарбаев құрған қормен байланысты британдық Jusan Technologies компаниясы сатқан. 

ҚОЖАХМЕТОВ ЖАЙЛЫ  

Қуат Қожахметов әр жылдары Цеснабанкте, "Цесна" корпорациясында, Қаржы ұйымдарын реттеу және дамыту агенттігінде, Ұлттық банктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, Jusan Optima Bank-тің Қырғызстандағы еншілес компаниясында, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және АХҚО "Әкімшілігі "АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.

ЕСЕНОВ ЖАЙЛЫ

Есенов 2023 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіреді. Оның байлығы, Forbes деректері бойынша, 435 млн долларға бағаланады.