×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресей билігі мектептегі мигранттардың балаларының санын шектеп жатыр

18.09.2024, 16:58
Ресей билігі мектептегі мигранттардың балаларының санын шектеп жатыр
Жасанды интеллект

Ресейдің ағарту министрлігі әр сыныпқа орыс тілін жетік білмейтін шетел азаматтарының баласын үштен артық қабылдамауды ұсынды. Бұл туралы «Известия» басылымы жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басылым «шетелдік азаматтар мен Ресей азаматтарының бірлескен білім алушылары санының ара-қатынасын белгілеу тәсілдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстарға» сілтеме жасай отырып хабарлады.

– Орыс тілін нашар меңгерген жағдайда, әсіресе өзге де ерекше білім беру қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, тиімді оқыту мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту оңай емес. Сондықтан, сыныпта (топта) орыс тілін жетік білмейтін үш баладан артық оқытпауға тырысқан жөн, — делінген министрліктің ұсыныстарында.

Құжатта бұл көрсеткіш тыйым салу шарасы ретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырылуы керектігі атап өтілген.

Ағарту министрлігі 17 аймақтағы білім беру ұйымдарында бұрын жүргізілген зерттеу нәтижесінде сыныпта (топта) орыс тілін жетік білмейтін үштен астам бала болған кезде мұғалімдер "уақыт пен басқа ресурс жетпей қалатынын" анықтаған.

РФ ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, Ресейдегі мектептерге баратын мигрант балалардың шамамен 12 пайызы орыс тілін жетік білмейді. Олардың көпшілігі Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Армениядан және Қырғызстаннан келген. Орыс тілін білмейтін балалардың көпшілігі Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Свердлов облысында тіркелген.