Білім беру технологияларымен танымал EdCrunch халықаралық конференциясы Алматыда алғаш рет өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда 7-8 желтоқсанда білім берудегі жаңа технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі – EdCrunch Glocal өтеді. 8 жыл бұрын құрылған конференция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында өтпек. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылады. Өткен жылы гибридті (офлайн және онлайн) форматта өткізілген конференцияға 14 мынан астам адам қатысқан. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері үшін қатысу әдеттегідей тегін.
Конференция бағдарламасы бес бөлімнен тұрады: ерте балалық шақ, ХХІ ғасыр мектебі, цифрлы университет, корпоративті оқыту және EdTech.
2021 жылдың басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). 25 елден келген 300-ден астам спикер 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптарын өткізеді. Олар педагогикалық дизайн саласындағы озық тәжірибелерін бөліседі, бірегей идеялар мен жаңалықтарды кең аудиторияға жеткізу үшін білім беру саласының болашағы мен жаңа технологиялардың, оқыту саласындағы ғылыми жетістіктердің әсерін талқылайды:
Конференцияның бағдарламалық директоры және "МИСиС" ҒЗТУ орталығының директоры Нұрлан Қиясовтың айтуынша, EdCrunch мақсаты тиімді оқыту арқылы әркімге өзін-өзі дамытуға қолдау көрсетеді.
«Біз мұғалімдер мен саясаткерлерден бастап, көрнекті зерттеушілер мен бағдарламашыларға дейінгі әлемнің үздік сарапшыларын бірегей идеялары мен жаңалықтарын кең аудиторияға жеткізуге шақырамыз. Ең керемет идеялар университет қабырғасымен, сынып аясымен немесе кітап сөрелерімен ғана шектеліп қалмауы керек. Оларды қолдап, бөлісіп, талқылап және қабылдау мен дамыту қажет. Инвесторлар мен құрылтайшылар, саясаткерлр мен филантроптар, оқытушылар, студенттер және білім беру тәжірибесіне қызығушылық танытқандар EdCrunch Glocal-да болуы керек», - дейді ол.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар әртүрлі салаларда практикалық тәжірибе алып, келесі сұрақтарға жауап таба алады: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ерте даму әдістемесін қалай таңдау керек, олардың алуан түрлілігінде қалай шатасып кетпеуге болады; сандық технологияларды бағындыру жолдары мен гаджеттерді балалар қабілеттерінің акселераторына айналдыру; EdTech компанияларының сапаны жоғалтпастан бизнесті масштабтауы; мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, үздіксіз білім деңгейіне дейінгі жобаларға инвестиция тарту және оларды әртүрлі білім беру жүйелеріне тиімді енгізу жолдары.
Сондай-ақ, спикерлер келесі тақырыптарды талқылайтын болады: дауыстық көмекшілерден бастап, жасанды интеллектке дейінгі білім берудегі жаңа технологиялардың әлеуеті; постковидтік кезеңдегі мектеп білімінің революциялық форматтары; нейробиологияны максималды тиімділіктің негізі ретінде қарастыру; медиа, ойын-сауық, спорт салаларындағы білім беру кеңестері мен EdTech-тегі жаһандық және жергілікті трендтер.
EdCrunch Glocal шарасының ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі, Назарбаев Зияткерлік мектептері. Бас серіктестер – «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры, «Алматыкітап баспасы» және «Сәби» Қайырымдылық қоры.