Грузиядағы алғашқы трансгендер әйел, модель Кесарии Абрамидзе өзінің Тбилисидегі пәтерінен өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨЛІМ
Жергілікті "Рустави 2" телеарнасының мәліметінше, Кесариидің денесінде көптеген пышақ жарақаты анықталған. Бүгінде криминалистер оқиға орнында тергеу шараларын жасап жатыр. “Қазақана кісі өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
КҮДІКТІ
Телеарна мәліметінше, модельдің өліміне байланысты Бек Джаиани есімді Абрамидзенің жігіті күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша екеуара жанжал әлеуметтік желідегі суреттен шыққан болуы мүмкін.
ОТА
Кесарии Абрамидзе (шын есімі Бесо Абрамидзе) 37 жаста болатын. Ол 2014 жылы жынысын ауыстырған.