×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ешкіммен сөйлеспейді»: Қанат пен Света Айтбаевтар Димаштың концерті қалай өткенін айтты

«Ешкіммен сөйлеспейді»: Қанат пен Света Айтбаевтар Димаштың концерті қалай өткенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әншінің әкесі Қанат Айтбаев концертке Америка, Испания, Лондон, Қытай, Италия секілді елдерден 10 мыңнан астам жанкүйер келгенін жеткізді.

«500-ден астам адам қызмет жасады»

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді ғой. Астанада концерт өткенше қатты қобалжыдық. Арқа етіміз құрысып қалыпты. Бірақ барлығы да ойдағыдай, аман-есен өтті. Барлығы да қолдап келген елдің арқасы. Тыңдайтын құлақ, көретін көз болмаса, сенің өнеріңнің кімге керегі бар? Сол үшін концертімізге қолдау білдірген, келген, ыстық ықыласын білдірген халқымызға мың рақмет! Концертті өткізу барысында 500-ден астам адам қызмет жасады. Концертке 10 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келді. Олардың көпшілігі Америка, Испания, Лондон, Қытай, Италиядан келген қонақтар, - деді ол. 

Ал анасы Света Айтбаева Димаш концерт алдында ешкіммен сөйлеспейтінін айтты.

«Бізге де тек телефонмен жазады»

Дыбыс аппараты деген өте нәзік дүние. Димаш бірнеше күн бұрын дайындықтарын жасады. Концерттің дәл алдында ол көбіне дауыстың тыныштығын сақтайды, ешкіммен сөйлеспейді. Бұл дауыстың сапалы шығуына, салмақ түспеуіне әсер етеді. Біз де Димаштың тыныштығын сақтап, мазасын алмауға, сөйлеспеуге тырысамыз. Тіпті бізбен де телефонға жазып сөйлеседі, - деді ол.

«Ешкімді қолдамаймын»

Еске салсақ, әлемге әйгілі өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Астанадағы концерті кезінде соғыс туралы пікір білдірген болатын.

Осы орайда мен түсінбейтін бір ғана нәрсе бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын және мына бертінде де шетелдік журналистер менен көбіне “Екі ел соғысып жатса қай жаққа болысасыз?” деп сұрайды. 

Екі елде соғыс болып жатқан жағдайда бір елдікі дұрыс болсын, екіншісінікі бұрыс болсын, не істесеңіздер де, араларыңызда келіспейтіндер болса да мен ешкімді қолдай алмаймын. Өйткені ана жақтан да, мына жақтан да сәбилер өледі, – деген еді Димаш Құдайберген.