×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Солтүстік Қазақстанда анасы үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтап тастады

Солтүстік Қазақстанда анасы үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтап тастады
Фото: Mir24.tv

Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған оқушы қызын анасы пышақтап тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқушы қыздың жағдайы ауыр

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, оқушы қыздың жасы 11-де. Баланың жағдайы ауыр.

Алдын ала болжам бойынша үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызын анасы пышақтап тастаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға апарды. Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Бұл істі аймақтық уәкіл өз бақылауына алды, - деді Динара Зәкиева.

Ата-ана құқығынан айырылды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты. Әкімдік пен комиссия ананы қалған балаларынан шеттету туралы шешім қабылдаған.

Кәмелетке толмаған бала ауруханада жатыр. Оған психологиялық көмек көрсетеміз. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, — деп хабарлады комитет.