ШҚО-да Марқакөл ауданының әкімдігі «ГРК МЛД» ЖШС және «East Copperproduction LLP» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Меморандумның мақсаты – ауданда серіктестік орнатып, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
Келісім аясында әлеуметтік нысандар салу, көшелерді абаттандыру, жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңадан құрылған шекаралас аудан үшін өте маңызды меморандум, - деді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.