×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

«Әйтпесе жазалаймыз»: ІІМ мопед мінгендерге алты ай уақыт берді

Бүгін, 12:12
Фото: Depositphotos

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопед алты айдан кейін кәдімгі көлік құралы болып есептелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛТЫ АЙ БЕРІЛЕДІ

Сенат кулуарында Лепеха мопедшілерге алты ай уақыт қазірден бастап берілетінін мәлімдеді. Егер алты айдың ішінде мопед жүргізушілері қозғалыс құралын тіркемесе, онысы айыппұл тұрағына жеткізіледі. Алты ай бойы оларды әзірге мазаламайды.

ШЕКТЕУ

Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы бұйрығы бойынша Жолда жүру ережелері "электрсамокат" және "шағын электрлі көлік" ұғымымен толықты:

  • Электрсамокат - бұл екі немесе үш дөңгелегі бар, бір адамды электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) арқылы жылжытуға арналған, отырғышсыз, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын жеке қозғалмалы көлік құралы.
  • Өз кезегінде шағын электрлі көлік – электр қозғалтқышымен жабдықталған, электр қозғалтқышы бар мотороллер мен мопедтерді қоспағанда, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар, жеке қозғалысқа арналған көлік құралы.

Электрсамокат жүргізушілері велосипед жолымен, велосипед сызығымен жүреді. Велосипед жолы, велосызығы болмаған жағдайда электрсамокат жүргізушілері былай жүреді:

  • осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті, оның ішінде маршрут көлік құралдарына арналған жолақ бойымен бір қатарда;
  • жол жиегі;
  • жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіп төндірмейтін, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолы.

Кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі немесе оның орнына берілген уақытша куәліксіз 18 жасқа толмаған электрсамокат жүргізушілеріне жолдың жүру бөлігінің заңды жиегімен, маршрут көліктеріне арналған жолақпен жүруге болмайды.